АҚШ Иранға 313 миллион доллар өтемақы төлейді

Иран соты 2017 жылы ДАИШ лаңкестік ұйымының Тегеранда жасаған шабуылдары үшін 313 миллион доллар өтемақыға үкім шығарды.

1979702
АҚШ Иранға 313 миллион доллар өтемақы төлейді

Иран соты Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) үкіметі мен бұрынғы президенттер Джордж Буш пен Барак Обаманы қатарлы басшыларының 2017 жылы ДАИШ лаңкестік ұйымының Тегеранда жасаған шабуылдары үшін шамамен 313 миллион доллар өтемақы төлеуіне үкім шығарды.

Иранның сот жүйесіне қарасты "Mizan" хабар агенттігінің хабарына қарағанда АҚШ үкіметіне, бұрынғы президенттер Обама мен Бушқа және Орталық барлау агенттігіне, Орталық күштер қолбасшылығына және оның бұрынғы қолбасшысы Томми Фрэнкске, Қазына министрлігі, Lockheed Martin және "American Airways Group" қатарлыларға қарата Иранға қарсы шабуылдарда қаза тапқан құрбандардың отбасыларының сотқа берген арызында АҚШ лауазымдылары «ДАИШ террор ұйымын қамтыған лаңкестік топтарды ұйымдастыру және басқаруда түбегейлі рөл атқарды» деп айыпталды. 

Сот АҚШ үкіметі және осы елдің мекемелері мен лауазымдыларына террористік шабуылдарда қаза тапқандардың отбасына төлеу үшін 9 миллион 950 мың доллар материалдық шығын, 104 миллион доллар моральдық және 199 миллион доллар айыппұл төлеуге үкім шығарды.

2017 жылдың 7 маусымында Ирандағы революция жетекшісі Аятолла Хомейнидің мазарына және Парламент ғимаратына жасалған қарулы және бомбалы шабуылдардан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланған болатын.

Шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы ДАИШ мойнына алған.



Ұқсас жаңалықтар