Германия үкіметі кәсіподақпен келісімге келді

Германия үкіметі мен кәсіподақ мемлекеттік қызметкерлерге 3000 еуро төленуі және  жалақының  5.5 пайыз өсуі жайлы келісім жасады.

1978606
Германия үкіметі кәсіподақпен келісімге келді

Германиядағы 2.5 миллион қоғамдық жұмысшының жалақысын көтеру туралы жаппай ескерту ереуілдерімен бірге жалғасқан келіссөздердің төртінші турында келісім жасалды.

Германиядағы ең үлкен кәсіподақтардың бірі Біріккен қызмет көрсету индустриясы одағы және Мемлекеттік қызметшілер одағы тарапынан жасалған мәлімдемеде төртінші турда федералды үкіметпен бір ретте мемлекеттік қызметкерлерге 3000 еуроның сатылап төленуі және  жалақының  5.5 пайыз өсуі жайлы келісімге қол жеткізілгені хабарланды.

3000 еуроның бірінші бөлігі маусым айында 1240 еуро, ал қалғаны 2024 жылдың ақпанына дейін айына 220 еуродан төленеді.

Сонымен бірге 2024 жылдың наурыз айынан бастап алғашқы қадам ретінде жалақы 200 еуро көтеріледі. Екінші қадам ретінде жалақыны 5.5 пайызға арттыру жүзеге асырылып, айына кемінде 340 еуроға кепілдік беріледі. Келісім 2024 жылдың соңында аяқталады.

Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фазер:

«Біз мәжбүр бюджетке негізделе отырып, кәсіподақтардың талаптарын өз мойнымызға алатын дәрежеде орындауға тырыстық», - деді.

Біріккен қызмет көрсету индустриясы одағы Германиядағы әдеттен тыс жоғары инфляцияның әсеріне жауап ретінде қызметкерлердің жалақысын 10.5 пайызға немесе кем дегенде 500 еуроға көтеруді талап етті.

Біріккен қызмет көрсету индустриясы одағы талаптарының қанағаттандырылуы үшін соңғы айларда ереуілдер ұйымдастырды.



Ұқсас жаңалықтар