Лондонда мыңдаған шеруші Парламент алдына жиналды

Лондонда шеруге шыққан мыңдаған адам Ұлыбритания Парламентінің алдына жиналып, ұран салды.

1978062
Лондонда мыңдаған шеруші Парламент алдына жиналды

Ұлыбританияның астанасы Лондонда мыңдаған адам Ұлыбритания Парламентінің алдында және оның айналасындағы көшелерде климаттың өзгеруі мен қоршаған орта мәселелеріне назар аудару үшін шеруге шықты.

"Жою көтерілісі" деп аталатын ұйымның үндеуімен таңғы сағаттан бастап мыңдаған адам Парламент ғимараты алдына жинала бастады.

Ұйым сайтындағы мәліметке қарағанда 30 мыңнан астам адам қатысқан шеруге ондаған табиғат қорғау ұйымдары стендтер орнату арқылы қолдау берген.

Парламент алдында Абингдон, Миллбанк және Ұлы Питер көшесін қатынас қа жапқан ереуілшілер «Әлемді құтқару әлі кеш емес», «Екінші Ғаламшар жоқ», «Климат қорғалмаса, бәріміз жеңілеміз» және «Суды таза, Ғаламшарды жасыл ұста» деген ұрандар шақырды.

"Жою көтерілісі" жасаған мәлімдемеге қарағанда 4 күнге созылатын шерулерге қатысатын 50 мыңнан астам адам парламент айналасына жиналатыны және шерулер түнде де жалғасатыны білдірілді.

Экологиялық және климаттық мәселелер талқыланатын шерулер  дүйсенбіге дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар