АҚШ Туниске астық жолдады

АҚШ пен Дүниежүзілік банк астық дағдарысында қалған Туниске 25 мың тонна бидай жолдады.

1978055
АҚШ Туниске астық жолдады

Құрғақшылық пен Украина соғысы салдарынан астық дағдарысын бастан өткерген Туниске АҚШ 25 мың тонна бидай қолдау көрсетті.

Тақырыпқа байланысты АҚШ-тың Тунис елшілігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Тунис халқының Ресей мен Украина арасындағы соғыстан туындаған  астық дағдарысы себепті АҚШ пен Дүниежүзілік банк қамтамасыз еткен 25 мың тонна бидай Тунис астық кеңсесінің координациясымен Тунис портына жеткізілді» деп көрсетілді.

Ресми деректерге қарағанда Тунис астық қажеттінің 70 пайызын импортпен қамдайды.

Құрғақшылық, Ковид-19 індеті және Украина соғысынан зардап шеккен Тунисте соңғы жылдары астық дағдарысы болуда.

Соңғы 70 жылдың ең құрғақ жылдарының бірін бастан өткізіп жатқан Тунисте су қоймаларының деңгейі 30 пайыздан төменге түскен.



Ұқсас жаңалықтар