Үндістанның жан саны артып келеді

ЮНФПА-ның «2023 жылғы Дүниежүзілік жан саны жағдайы туралы рапорты» жарияланды.

1977105
Үндістанның жан саны артып келеді

Үндістан «әлемдегі халқы ең көп елге айналу» жолында ілгерлеп барады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жан саны қорының (ЮНФПА) «8 миллиард өмір, шексіз мүмкіндіктер: құқықтар мен таңдау мәселесі» атты «2023 жылғы Дүниежүзілік жан саны жағдайы туралы рапорты» жарияланды.

Үндістан халқының жыл ортасына дейін Қытайдан шамамен 3 миллион асатыны білдірілген рапортта Үндістан халқының санының 1 миллиард 428 миллионға жететіні болжануда.

Рапортта Конго Демократиялық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания сияқты сегіз елдің 2050 жылға дейін болжанған ғаламдық халық санының жартысын иелейтіні хабарланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы халық саны туралы мәліметтерді жинап, жариялай бастаған 1950 жылдан бері Үндістан халқы алғаш рет Қытайдан асып түсетіні атап өтілді.

Қытай халқы 1961 жылдан бері алғаш рет 2022 жылы 800 мыңға қысқарды.

Ұлттық Статистика Бюросының деректеріне қарағанда Қытайдың құрлықтағы халқы 2021 жылы 1 миллиард 412 миллион 600 мың болса, 2022 жылы 1 миллиард 411 миллион 800 мыңға азайған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті жариялаған «Әлемдегі халық санының перспективалары 2022» баяндамасында Қытай халқы 2023 жылдың басынан бастап «абсолютті төмендеу процесіне» кіретіні, ал Үндістан халқының жалғасты артатыны болжанып, әлемдегі жан саны ең көп ел Қытайды артқа тастайтыны межеленгенін жариялаған болатын.

Рапортта Қытай халқының 2050 жылы 1 миллиард 317 миллионға, ал ғасыр соңына қарай 766 миллионға дейін азаюы болжанғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар