Германияда ереуіл

Келіссөздердің үшінші раунды 24 сәуірде өтеді.

1977592
Германияда ереуіл

Неміс тау-кен, химия және энергетика бизнес кәсіподағы (IG BCE) және Біріккен қызмет көрсету индустриясы кәсіподағы (Ver.di) жоғары инфляцияға қарсы жалақыны көтеруді талап етіп, энергетика саласындағы жеке сектор қызметкерлерін бір күндік ұжымдық ескерту ереуіліне шақырды.

«Ver.di» және «IG BCE» жасаған мәлімдемеде энергетика саласындағы жеке сектор жұмысшыларының бүгін ереуілге шығатыны хабарланды. Ереуілге шақыру келіссөздердің екінші раундында ілгерілеушілікке қол жетпегеннен кейін күн тәртібіне келді.

Келіссөздердің үшінші раунды 24 сәуірде өтеді.

Кәсіпдақ  ереуіл салдарынан электр қуатының үзілмейтініне және атом электр станцияларының қауіпсіздігіне нұқсан келтірілмейтініне сендірді.

Энергетика саласындағы жеке сектордағы 30 мыңнан астам қызметкер жалақыны 12 айға кемінде 550 еуроға 13 пайызға көтеруді талап етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар