Израиль сарбаздары базаны тастап кетті

Сарбаздардың «Целим» әскери базасында міндет атқарғаны атап көрсетілді.

1976822
Израиль сарбаздары базаны тастап кетті

Израиль армиясының «Голан бригадасының» ондаған сарбазы рота командирінің міндеттен босатылуына наразылық білдіру үшін қарулары мен базаларын тастап кетті.

Израильдік «Yediot Ahronot» газетінің хабарына қарағанда сарбаздардың басқыншылық астындағы Шерияның батысында орын алатын Рамалла қаласының батысында «Целим» әскери базасында міндет атқарғаны атап көрсетілді.

Голан бригадасындағы ондаған сарбаздың оқу-жаттығу кезінде «Тавор» типті қаруларын әскери базада қалдырып, рота командирінің жұмыстан босатылуына наразылық білдіру үшін базаны тастап кеткені білдірілді.

Бригада командирі Йифтах Норкиннің командирі туралы шешімді түсіндіріп, лагерьге оралуға көндіру үшін сарбаздармен кездескені хабарланды.

Жұмыстан босатылған израильдік қолбасшының аты-жөні және базадан шыққан әскери қызметкерлердің саны туралы ақпарат берілмеді.

Израиль армиясының Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда оқиғаның армия тәртібіне сәйкес келмейтін ауыр оқиға деп бағаланды.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының жалғасып жатқаны айтылды.

Израиль армиясы Голан бригадасының командирінің белгілі бір оқиғамен байланысты емес, міндетін орындаудағы «сәйкессіздік» себепті қызметінен босатылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар