Камерунда жөтел шәрбаты салдарынан 6 бала қайтыс болды

Камерунда тыйым салынған «Naturcold» жөтел шәрбаты салдарынан 6 бала қайтыс болды.

1975988
Камерунда жөтел шәрбаты салдарынан 6 бала қайтыс болды

Камерунның солтүстік-батыс аймағында тыйым салынған «Naturcold» жөтел шәрбаты салдарынан 6 бала қайтыс болды.

Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің солтүстік-батыс аймағы бойынша өкілі Кингсли Че Сох мәлімдемесінде тыйым салынған жөтел шәрбатын қолданып 6 баланың қайтыс болғанын растады.

Шәрбаттың бүйрекке ауыр зақым келтіретінін айтқан Сох өткен айда оңтүстік-батыс аймағында 3 баланың өлімінен кейін бұл дәріні қолдануға тыйым салынғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар