Қайтыс болғаны жарияланған адам 2 жылдан кейін үйіне оралған

Үндістанда Ковид-19-дан қайтыс болғаны үшін жерлеу рәсімі өткізілген Камлеш Патидар 2 жылдан кейін үйіне оралды.

1975902
Қайтыс болғаны жарияланған адам 2 жылдан кейін үйіне оралған

Үндістанда Ковид-19 салдарынан екі жыл бұрын қайтыс болғаны жарияланған және жерлеу рәсімі өткізілген Камлеш Патидар үйіне оралды.

Үнді бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда Ковид-19 салдарынан қайтыс болды деп болжанған Үндістанның Мадхья-Прадеш уәлаяты Дхар қаласының тұрғыны Патидар екі жылдан кейін отбасына оралды.

Патидардың туысы Мукеш Патидар Камлеш Патидардың 2021 жылы Ковид-19 індетінің екінші толқынында ауыр науқас ретінде Гуджарат мемлекеттік ауруханасына жеткізілгенін және артынан аурухана өздеріне тапсырып берген мәйітті жерлеу рәсімін өткізгендерін айтты. 

Олар өлді деп ойлаған Камлеш Патидардың екі жылдан кейін әпкесінің есігін қаққанын атап өткен Мукеш Патидар бұл оқиғадан барлық отбасы мүшелері мен туыстарының есеңгіреп қалғанын тілге тиек етті.

Мукеш Патидар екі жыл бойы Камлеш Патидардың қайда екені туралы оларға ешқандай мәлімет бермегенін айтты.

Канван аймақтық полиция лауазымдысы Рам Сингх Раторе мәлімдемесінде отбасы тарапынан қайтыс болды деп болжанған Патидардың шынайы тарихы оның мәлімдемесі алынғаннан кейін белгілі болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар