Испания елшілігін жапты

Судан армиясы мен милиция күші арасында қарулы қақтығыстар басталды.

1975949
Испания елшілігін жапты

Испания Суданда 15 сәуірде армия мен милицияның Жедел қолдау күштері арасында басталған қақтығыстар себепті елшілігін уақытша жапқанын жариялады.

Испания Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қажетті қауіпсіздік шарттары орындалмағандықтан, Испанияның Судандағы елшілігі келесі ескертуге дейін жабық күйінде қалады. Сыртқы шықпаңыз және үйде болыңыз» деп айтылды.

Суданның астанасы Хартумда және әртүрлі қалаларда сәуірдің 15-і күні таңертең Судан армиясы мен милиция күші арасында қарулы қақтығыстар басталды.

«Жедел Қолдау күшінің армияға толық қосылуын» көздейтін әскери қауіпсіздік реформасына қатысты армия мен милиция арасындағы келіспеушілік соңғы бірнеше айда қызу қақтығысқа айналды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы аймақтағы қақтығыстарда кем дегенде 83 адамның қаза тауып, 1126 адамның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар