Суданда кешегі қақтығыстарда 56 адам қаза тапты

Көтерілісшіл Жедел қолдау күштері бір жолаушылар ұшағы мен бір әскери ұшақты атып құлатты.

1975511
Суданда кешегі қақтығыстарда 56 адам қаза тапты

Суданда кеше армия мен қарулы Жедел қолдау күштері арасында шыққан қақтығыста 56 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Судандағы «әскери қауіпсіздік реформасына» қатысты армия мен қарулы Жедел қолдау күштері арасындағы келіспеушілік кеше қызу қақтығысқа айналды.

Бас қала Хартум мен түрлі қалаларында қарулы қақтығыстар жалғасуда.

Жедел қолдау күштері армияның «Джебел Әулие» әуе базасы мен Дарфурдағы «Шейіт Сабира» халықаралық әуежайын басып алғанын жариялады.

Армияға тиесілі кейбір танктер қарулы Жедел қолдау күштерінің қолға түсті. Судан армиясы жағдайды бақылауға алу үшін операция бастады.

Армия «Көтерілісшіл қарулы Жедел қолдау күштері тарқамайыншы келіссөздерді басталмайды» деп мәлімдеді.

Әскери ұшақтар да орын алған операцияда Жедел қолдау күштеріне тиесілі бекіністер нысанаға алынуда.

Судан Сыртқы істер министрлігі Жедел қолдау күштерінің Хартум халықаралық әуежайына шабуыл жасағанын білдірді.

Министрлік мәлімдемесінде қарулы Жедел қолдау күштерінің Сауд Арабия әуе жолдарына тиесілі бір жолаушылар ұшағы мен Суданға тиесілі бір әскери ұшақты атып құлатқанын жариялады. Министрлік Жедел қолдау күштерін әуежайы мен маңайынан щығарылғанын жариялады.

Судан Орталық Дәрігерлер комитеті қақтығыстарда осы уақытқа дейін 56 адамның қаза тауып, 595 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Қақтығыстарды тоқтату үшін дипломатиялық бастамалар жалғасуда.

Түркия Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріліп, тараптар тыныштық пен келіссөзге шақырылды.

Мәлімдемеде «Түркия Судан мемлекеті мен халқының жанында болуды жалғастырады» делінді.

Түркияның Судандағы елшілігі азаматтарды біраз уақыт көшеге және саяхатқа щықпауы үшін ескерту жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағы тараптарды атысты тоқтатуға шақырды.

Мысыр мен Сауд Арабиясы Судандағы жағдай себепті Араб одағын шұғыл жиналысқа шақырды.

Араларында Франция, Ұлыбритания, Швейцария және Иран бар көптеген ел қақтығыстарға алаңдағандарын мәлімдеді.

Сауд Арабиясы Суданға рейстерін екі бағытта тоқтатты. Чад болса Суданмен шекара қақпасын жауып тастады.



Ұқсас жаңалықтар