Паркинсон ауруын анықтау әдісі табылды

АҚШ ғалымдарының зерттеу нәтижелері Паркинсон ауруын ерте анықтауға және емдеуге көмектесетіні білдірілді.

1974398
Паркинсон ауруын анықтау әдісі табылды

АҚШ ғалымдары Паркинсон ауруын оның белгілері пайда болғанға дейін анықтауға және емдеуді жеделдетуге көмектесетін жаңа әдісті ойлап тапты.

"Lancet Neurology" журналында жарияланған зерттеулерге қарағанда "альфа-синуклеин тұқымын күшейту сынағы" (alphaSyn-SAA) деп аталатын әдіс ауруды жұқтыру қаупі бар адамдарды дәл анықтай алады.

Алынған нәтижелер Паркинсон ауруын ерте анықтауға және емдеуге көмектесетіні білдірілді.

Ауруды анықтау қиын, өйткені қазіргі уақытта арнайы сынақ жоқ. Симптомдары басқа ауруларға ұқсас болғандықтан, қате диагноз қою мүмкіндігі  көбірек.

Әлемде соңғы 25 жылда Паркинсон ауруы екі есеге артып, 10 миллионға жуық адам осы аурумен ауырды.



Ұқсас жаңалықтар