Австралия «Ильса» дауылынан сақтануда

Австралия жағалау аймақтарында сезіле бастаған «Ильса» дауылының 5-ші категорияға айналуы мүмкін.

1974486
Австралия «Ильса» дауылынан сақтануда

Австралияның батысына әсер жасауы болжанған «Ильса» дауылы күшейіп, құрлыққа жақындады.

"CNN" хабарына қарағанда Австралия Метеорологиялық кеңсесі жасаған мәлімдемеде бүгін кешке және ертең таңертең сағатына 285 шақырымнан асатын күшті желмен Батыс Австралияда «Ильса» дауылының әсері күшті болатыны хабарланды.

Мәлімдемеде жағалау аймақтарында сезіле бастаған «Ильса» дауылының 5-ші категорияға айналуы мүмкін екені білдірілді.

Он мыңдаған үй шаруашылығына әсер етуі межеленген «Ильса» дауылы алдында «дауыл» ескертуі берілген Батыс Австралия штатында жұртшылық дайындық үшін базар сөрелеріндегі заттарды талап әкеткен.



Ұқсас жаңалықтар