Ресей континентаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Ресей Қорғаныс министрлігі сынақ туралы мәлімдеме жасады.

1973884
Ресей континентаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде елдің оңтүстігіндегі Астрахань аймағындағы Капустин Яр әскери сынақ алаңынан құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде зымыран сынағының сәтті өткені аталып «Ұшырудың мақсаты континентаралық баллистикалық зымыранның озық жабдықтарын сынақтан өткізу болатын» делінді.

Сынақтық атыс жасалған зымыранның аты туралы мәлімет берілмеген мәлімдемеде зымыранның Қазақстандағы Сары-Шаған әскери сынақ алаңындағы нысананы дәлдеп жойғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар