Неміс армиясының қуаты әлсірей бастады

Германияның қызметкер мен техникалық жетіспеушілігі себепті 2025 жылдан бастап НАТО-ға уәде етілген міндеттерін орындай алмайтыны білдірілді.

1973204
Неміс армиясының қуаты әлсірей бастады

Неміс армиясының 2025 жылға қарай НАТО-дағы уәде етілген міндеттерін қызметкер және техниканың жетіспеушілігіне байланысты орындай алмайтыны білдірілді.

"Bild" газеті Германияның Құрлық Күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Альфос Майстың Бас Штаб басшысына жолдаған 14 беттік баяндамасы туралы хабарлады.

Хабарда Германияның әрі қызметкерлер, әрі техникалық жетіспеушілігіне байланысты 2025 жылдан бастап НАТО-дағы уәде етілген міндеттерін орындай алмайтыны атап көрсетілді.

«Барлық күш-жігерге қарамастан, армия тек 2025 жылға қарай шектеулі жедел дайындық жағдайын орната алады», - деді Майс.

Баяндамада армияның барлық қоры пайдаланылса да, армияның 2025 жылы қалаған жүйелермен толық қамтамасыз етілмейтініне назар аударылды.

Баяндамада шаралар қабылданбаса, жеке қызметкерлер мен материалдардың таусылатыны атап өтілді, сол себепті қорғаныс бюджетін үздіксіз арттыруға шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар