Қытайда құс тұмауының А (H3N8) вирусы байқалды

Қытайда осы таңға  дейін 3 адам A(H3N8) инфекциясын жұқтырды.

1973503
Қытайда құс тұмауының А (H3N8) вирусы байқалды

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына құс тұмауының А (H3N8) вирусын жұқтырған бір адамның қайтыс болғанын  хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 27 наурызда бір адамда A (H3N8) вирусының анықталғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Қытайда осы таңға  дейін 3 адам A(H3N8) инфекциясын жұқтырды.

Қытайда құс тұмауын жұқтырғаны хабарланған науқастың Гуандун облысысында тұратын 56 жастағы әйел екені айтылды.

Бұл ауруды 22 ақпанда жұқтырған адам 3 наурызда ауыр пневмонияға байланысты ауруханаға түсіп, 16 наурызда қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар