"Tesla" компаниясы Қытайда база құрмақ

"Tesla" компаниясының іргетасы биыл үшінші тоқсанда қаланатын жобасына арналған қол қою рәсімі 9 сәуірде Шанхайда өтті.

1972060
"Tesla" компаниясы Қытайда база құрмақ

Америкалық электромобильдер мен аккумуляторларды өндірушісі "Tesla" компаниясы Қытайдың Шанхай қаласында энергия сақтау қондырғыларын шығаратын кең ауқымды қондырғы базасын құрады.

Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда іргетасы биылғы жылдың үшінші тоқсанында қаланатын жобаға арналған қол қою рәсімі 9 сәуірде Шанхайда өтті.

Компания 2024 жылдың екінші тоқсанында жұмыс істей бастайтыны жоспарланған зауытта шамамен 4 мегаватт-сағат электр энергиясын сақтай алатын «Megapack» деп аталатын литий-ионды аккумулятор қондырғыларын шығарады.

Зауытта жылына 10 мың бірлік болатын жалпы 40 гигаватт-сағат энергия сақтау қуатын шығару көзделуде.

"Tesla" компаниясы қазірге дейін АҚШ-тың Калифорния штаты Латроп қаласында жылына 10 мың мегапакет өндіру күшіне ие «мега зауыты» бар.

Сондай-ақ компания Шанхайдағы жылына 1 миллион электромобиль шығара алатын, қосымша қуаттылығы 450 мың болатын «гига фабрикасын» кеңейтуді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар