Тайваньның айналасында Қытай әскери ұшақтары бар

Қытай мен Тайвань арасында ежелден кикілжің бары белгілі.

1972323
Тайваньның айналасында Қытай әскери ұшақтары бар

Тайвань соңғы тәулікте аралдың айналасында Қытайдың 70 әскери ұшағы мен 11 әскери кемесінің болғанын  хабарлады.

Тайвань Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде 70 ұшақтың 35-нің  Тайвань бұғазында әуе және теңіз желілерін кесіп өткені  және Тайваньның  «Әуе қорғанысы аймағы» деп жарияланған кеңістікте ұшқаны білдірілді.

8 сәуірде Қытай арал төңірегінде құрлық, әуе, теңіз және зымыран күштерін қамтитын бірлескен әскери жаттығуларын бастағанын хабарлаған еді.

Қытаймен егемендік үшін жанжалдасып отырған Тайвань басшысы Цай Орталық Америка елдері Гватемала мен Белизге сапарының алдында және одан кейін «транзиттік өткел» деген сылтаумен АҚШ-қа бейресми сапар жасаған болатын.

Тайвань басшысы 30 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Гудзон институты ұйымдастырған кездесуге қатысып, 5 сәуірде Калифорния штатындағы Сими-Вэлли қаласында  АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы Кевин Маккарти және партияаралық конгресс делегациясымен кездескен.

Бейжің әкімшілігі оның сапары салдарынан АҚШ-қа наразылық білдіріп, Цайдың байланыстарына дәнекер болған екі ұйым мен олардың басшыларына санкция салатынын мәлімдеді.

Қытай Тайваньды өз территориясының бір бөлігі ретінде қарайды. Алайда Тайвань  Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан бері іс жүзінде тәуелсіздікке ие болды.

 



Ұқсас жаңалықтар