Нигериядағы өртте 18 адам қаза тапты

Нигерияның Энугу уәлаятында жол апаты салдарынан шыққан өртте 18 адам қаза тапты.

1972284
Нигериядағы өртте 18 адам қаза тапты

Энугу уәлаяты полиция басқармасының баспасөз хатшысы  Дэниел Ндукве жасаған мәлімдемесінде Аба-Абия тас жолында цемент тасымалдаған фургонның бір жолаушы автобусымен соқтығысқанын айтты.

Ндукве жол апаты салдарынан  шыққан өртте 18 адамның қаза тапқанын және көп адамның жараланғанын мәлімдеді.

Емделіп жатқан  кейбір жаралылардың жағдайының ауыр екенін білдірген Ндукве өлгендер санының артуына алаңдағанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар