әл-Ақса мешітінде 130 мың мұсылман намаз оқыды

130 мың палестиналық және шетелдік мұсылман Рамазан айының үшінші жұма намазын әл-Ақса мешітінде оқыды.

1971674
әл-Ақса мешітінде 130 мың мұсылман намаз оқыды
mescid-i aksa cuma namazi.jpg

Израильдің шектеулеріне қарамастан, шамамен 130 мың палестиналық және шетелдік мұсылман Рамазан айының үшінші жұма намазын әл-Ақса мешітінде оқыды.

Мұсылмандардың бірінші құбыласы болып саналатын әл-Ақсада мешітінде Рамазан айының үшінші жұма намазын оқу үшін басып алынған Шығыс Иерусалимнің Ескі Қала аймағындағы  Харем-и Шарифке апаратын тар көшелер мен базарларда адамдар жиналып қалды.

Барлық жастағы әйелдер мен ер адамдар, үлкендер мен балалар Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мәдинадағы әл-Набауи мешітінен кейінгі үшінші қасиетті мешіт болып табылатын әл-Ақса мешітінің бау-бақшасы мен ауласын толтырып, намазға тұрды.

Иерусалим Ислам қорлары басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда әл-Ақса  мешітінде Рамазан айының үшінші жұмасына шамамен 130 мың адам қатысты.

Израиль полициясының әл-Ақсаның мешітінің кіреберісінде, мешіттің айналасы мен Ескі Қала көшелеріндегі қарбаластығы назар аударды.

Израиль басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 55 жасқа толмаған палестиналық ер адамдарға және Газа секторының барлық тұрғындарына Рамазан айында жұма намазын оқу үшін Шығыс Иерусалимге кіруге тыйым салды.



Ұқсас жаңалықтар