АҚШ делегациясының Тайвань сапары

Делегация сенбі күні  Тайвань басшысы Цай Инвэнмен де кездеседі деп жоспарланды.

1971392
АҚШ делегациясының Тайвань сапары

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Өкілдер мәжілісінің Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Майкл МакКол бастаған делегация Тайваньда барды.

Комитеттің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде МакКол бастаған республикашыл және демократ депутаттардан құралған делегацияның Азия елдеріне сапары аясында Тайбэйге барғаны хабарланды.

Әуежайда журналистердің сұрақтарына жауап берген МакКол Қытайдың «Тайванға басып кірмес бұрын екі рет ойлануын» қалайтындарын айтты. Хабарға қарағанда, МакКол сапары қарсаңында Қытайдан қорқытатын қоқан-лоққы хабарламалар алғанын да айтқан.

Делегация сенбі күні  Тайвань басшысы Цай Инвэнмен де кездеседі деп жоспарланды.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Кевин МакКарти кеше Орталық Америка елдеріне сапары аясында Америка Құрама Штаттарына транзитпен келген Тайвань басшысы Цай Инвэнмен кездескен болатын.

Бұл арада Қытай Тайвань басшысы Цай Инвэннің АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Кевин МакКартимен кездескені үшін Вашингтонды сынады.



Ұқсас жаңалықтар