Зеленский Польшада халыққа үн қатты

Зеленский «Егер Украина мен Польша иық тіресе, Ресей Еуропаны жеңе алмайды»  деді.

1970875
Зеленский Польшада халыққа үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский «Егер Украина мен Польша иық тіресе, Ресей Еуропаны жеңе алмайды»  деді.

Зеленский ресми сапармен Польшаға барып, астана Варшавада жұртшылық алдында сөз сөйледі.

Зеленский «Польшаның әскери қолдауы Украинаға көп көмектесті және оның бостандығына ықпал етті» деп мәлімдеді. «Біздің азаттығымыз сіздің бостандығыңызды нығайтады» деді ол.

Украина президенті Польша халқы мен басшыларына украиндарға қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. «Егер Украина мен Польша иық тіресе, Ресей Еуропаны жеңе алмайды» деді Зеленский.

Польша президенті Анджей Дуда да «Ресейден талап етілетін жалғыз нәрсе – оның Украина аумағынан толық шығуы» екенін айтты. Украиналықтардың өмірі туралы ешқандай келіссөз болмайтынына назар аударған Дуда «Бүгін біз Мәскеуге, Кремльге «бізді бөле алмайсыңдар» деп нақты хабар беріп отырмыз» деді.

Поляктар мен украиндарды жүздеген жылдық ортақ тарих байланыстыратынын атап өткен Дуда "Керек кезде поляктар ретінде мұқтаж бауырларымызға қол ұшын создық. Украинаға танк, бронетранспортер, гаубица, ұшақ жеткізіп жатырмыз. Біз басқа елдерге үлгі болдық» деді. Польшаның осы уақытқа дейін Украинаға кеңестік өндірістен шыққан «МИГ-29» типті 8 жойғыш ұшағын жібергенін еске салған Дуда тағы 6 ұшақтың жіберілетінін атап өтті.

Зеленский мен Польша басшылары түрлі мәселелер бойынша міндеттемелер алып, келісімдерге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар