БҰҰ-дан Талибанға наразылық

Ауғанстанда әйелдердің БҰҰ-мен жұмыс істеуіне тыйым салынды.

1970774
БҰҰ-дан Талибанға наразылық

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік Ауғанстанда әйелдердің БҰҰ-мен жұмыс істеуіне тыйым салуды сынға алды.

Түрік жазбаша мәлімдемесінде Талибан қайраткерлерінің ауған әйелдерінің БҰҰ-мен жұмыс істеуіне тыйым салу шешімін «мүлдем ақымақтық» деп бағалады.

Бұл шешімнің ауған әйелдері мен қыздарының құқықтары мен бостандықтарына тосқауыл қою үшін жасалған қадамдардың соңғысы екенін атап көрсеткен Түрік қабылданған шешімді сынға алды. Түрік бұл қадамның Ауғанстандағы 28,3 миллион адамның гуманитарлық көмекке өте мұқтаж болған кезге сәйкес келгенін атап көрсетті.

Ауғанстандағы қорғансыздарды қолдау үшін бірге жұмыс істеу қажет екенін білдірген Түрік мұндай шаралардың Ауғанстан халқын одан да үмітсіздікке ұшыратуы мүмкін екенін айтты.

Талибан лауазымдыларының Ауғанстан халқына қарсы жүйелі шабуылдарының осы шешіммен жалғасып жатқанын атап көрсеткен БҰҰ өкілі «Талибан басшылығы Ауғанстан халқы және елдің болашағы үшін әйелдерге қатысты осы аянышты саясаттарын қайта қарауы керек» деді.

Оқушы  қыздардың оқуын тоқтату туралы шешімнен кейін Талибан 2022 жылдың 24 желтоқсанында үкіметтік емес ұйымдардағы әйел қызметкерлердің жұмысқа орналасуын келесі ескертуге дейін тоқтатты. Әйел кадрларды жұмысқа қабылдауды тоқтатпаған ұйымдардың лицензиялары жойылатынын білдірді.

Осыдан кейін елдегі «Save The Children», Норвегиялық босқындар кеңесі және «CARE» сияқты кейбір халықаралық көмек ұйымдары өз жұмысын тоқтатты.

Талибанның шешіміне Еуропалық Одақ, БҰҰ, АҚШ және көптеген елден наразылық келді.



Ұқсас жаңалықтар