Зеленский АҚШ-тың екі делегациясын қабылдады

Помпео Украинаны қолдауды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

1970194
Зеленский АҚШ-тың екі делегациясын қабылдады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Өкілдер палатасының делегациясы Украинаға барып, президент Владимир Зеленскиймен кездесті.

Өкілдер палатасының барлау комитетінің спикері, республикашыл Майк Тернер Twitter-де Украина астанасы Киевке делегациямен, оның ішінде өз партиясының кейбір депутаттарымен барғанын және Зеленскиймен кездескенін білдірді.

Тернер АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялардың Ресейге қарсы күресінде Украинаны қолдауын жалғастыратынын атап өтті.

Украина президенттігінің ресми сайтында жасалған мәлімдемеде Зеленскийдің кездесу барысында АҚШ-тың қолдауының маңыздылығын атап өткені айтылды.

Сондай-ақ Зеленский 2024 жылғы президенттік сайлауға аты аталғандардың бірі АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бастаған АҚШ саясаткерлері, іскер адамдары мен қайырымдылық институттарының өкілдерінен тұратын делегациясын қабылдады.

Помпео сапары туралы Twitter-де "Украинадан жаңа ғана шықтым. Мен (Ресей президенті Владимир) Путиннің басқыншылығының зардаптарын өз көзіммен көрдім және мені украин халқының батылдығы шабыттандырды.  Украинаға осы соғысты тоқтатуға көмектесу - АҚШ-тың негізгі мүддесіне сай» деп жазды.

Осы тұрғыда Помпео Украинаны қолдауды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар