Марбург вирусына қарсы 4 вакцина дайындалуда

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Марбург вирусына тоқталды.

1967475
Марбург вирусына қарсы 4 вакцина дайындалуда

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Марбург вирусына қарсы 4 вакцинаның сынақ хаттамалары дайын екенін айтты.

Гебреисус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының орталығында өткізген апталық баспасөз мәслихатында ДДСҰ комитеті осы уақытқа дейін Марбург вирусына қатысты 4 вакцинаның дәлелдерін зерттегенін мәлімдеп, «Вакциналар үшін сынақ хаттамалары бар және серіктестеріміз сынақтарға қолдау көрсетуге дайын» деді.

Гебрейесус сонымен қатар олар Экваторлық Гвинея және Танзания үкіметтерімен Марбург вирусының өршуіндегі жағдайлар мен өлімнің алдын алуға көмектесу үшін осы сынақтарды «мүмкіндігінше тезірек» бастау үшін жұмыс істеуді күтетінін атап өтті.

Экваторлық Гвинеяда ресми түрде 9 Марбург вирусы оқиғасы тіркелгенін және вирус салдарынан 7 адамның қайтыс болғанын айтқан Гебреиесус вирустың елдегі үш уәлаятта байқалғанына назар аударды.

«Алайда аталмыш үш уәлаят бір-бірінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан, бұл вирустың қаншалықты кең таралғанын көрсетеді» деді Бас хатшы.

ДДСҰ қосымша Марбург жағдайлары туралы хабардар екенін атап өткен Гебрейесус үкіметтің бұл туралы ДДСҰ-ға ресми түрде хабарлауын қалайтынын айтты.

Гебрейесус Танзанияда 8 Марбург вирусы оқиғасының байқалғанын, 5 адамның қайтыс болғанын және үш науқастың емделіп жатқанын білдірді.

Танзанияда осы уақытқа дейін хабарланған жағдайлардың бір аймақта екенін білдірген Гебрейесус: «Тек жануарларды және ғаламшарымызды қорғасақ, адам денсаулығын шынымен де қорғай аламыз. Марбург вирусының өршуі мұны тағы бір рет еске салды» деді. 

Танзания Марбург вирусының алғашқы жағдайын 21 наурызда растады, ал Экваторлық Гвинея бұл оқиғаны 14 ақпанда алғаш рет жариялады.

Жеміс жарғанаттары арқылы таралатын Марбург вирусы адамдар арасында дене сұйықтықтары арқылы немесе жұқтырған адамдармен байланыс жасау арқылы жұғады.

Вирусты жұқтырған адамдарда жоғары температура, бастың қатты ауруы, әлсіздік, құсу сияқты белгілер кенеттен пайда болады, ал көптеген науқастарда 7 күн ішінде ауыр геморрагиялық белгілер байқалады.

Вакцинасы немесе арнайы емі жоқ Марбург вирусының өлім мөлшері 90 пайызға дейін жетуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар