АҚШ Иранға өтемақы төлеуі керек

Халықаралық сот Иран мен АҚШ арасындағы іс бойынша шешімін жариялады.

1967876
АҚШ Иранға өтемақы төлеуі керек

Халықаралық сот Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Иранға өтемақы төлеуі керек деп шешкенімен, Тегеран әкімшілігінің Иран Орталық банкінің 2 миллиард долларға жуық тыйым салынған активтерін босату туралы өтінішін қабылдамады.

Халықаралық сот Иран мен АҚШ арасындағы іс бойынша шешімін жариялады.

Сот АҚШ-тың Иран әкімшілігіне салған санкцияларының екі ел арасында 1955 жылы қол қойылған «Достық, экономикалық қарым-қатынас және консулдық заң» келісімін бұзған деп шешті. Сот тараптар 24 ай ішінде өтемақы мөлшері туралы келісімге келе алмаса, мәселені қайта қарайтынын хабарлады.

Сот Тегеран әкімшілігінің Иран Орталық банкінің 2 миллиард долларға жуық бұғатталған активтерін босату туралы өтінішін қабылдамады.

АҚШ әкімшілігінің қарсылығын қабылдаған Сот екі ел арасында қол қойылған «Достық, экономикалық қарым-қатынас және консулдық заң» келісімінің Орталық банктердегі активтерді қамтымайтынына шешім шығарды.

АҚШ 1983 жылы 23 қазанда Ливандағы АҚШ әскери базасына жасалған бомбалы шабуылға Иран жауапты деп мәлімдеді. Артынша Америка Құрама Штаттары Иранның Орталық банкіне тиесілі 2 миллиард долларға жуық активін шабуылда қаза тапқан 241 американдық теңіз жаяу әскерінің туыстарына өтемақы ретінде төлейтінін айтып бұғаттаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар