Филиппиндерде паром апатында 31 адам қаза тапты

Басилан губернаторы Джим Хатаман өрт апатымен байланысты мәлімдеме жасады.

1967330
Филиппиндерде паром апатында 31 адам қаза тапты

Филиппиндердегі бір паромда шыққан өрт салдарынан кем дегенде 31 адамның қаза тапты.

Филиппин жағалау күзетінің мәліметіне қарағанда кеше түнде Минданао аралынан Джоло аралына жүзіп жатқан «The Lady Mary Joy 3» атты паромда себебі белгісіз өрт шықты.

Басилан губернаторы Джим Хатаман паромда 250 жолаушы болғанын және 31 адамның опат болғанын мәлімдеді.

Хатаман жанып жатқан паромнан 23 адамның жаралы шығарылғанын, жоғалған 7 жолаушыны іздеу құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Паромның Басилан жағалауына тартылғанын атап көрсеткен Хатаман оқиғаға қатысты басталған тергеудің егжей-тегжейлі жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар