БҰҰ Мьянманы «демократияға оралуға» шақырды

БҰҰ мәлімдемешісі Стефан Дужаррик төңкеріс жасалған Мьянмадағы жағдай туралы мәлімдеме жасады.

1966649
БҰҰ Мьянманы «демократияға оралуға» шақырды

Мьянмада төңкеріспен биліктен кеткен Аун Сан Су Чжидің Ұлттық демократиялық одағының әскери билік жариялаған жаңа сайлау заңын орындаудан бас тартқаны себепті жабылуының артынан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) елді «демократияға оралуға» шақырды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында тақырыппен байланысты қойылған бір сұраққа жауап қайтарды.

Дужаррик Су Чжидің партиясының жабылуын «қате бағытта басылған бір қадам» деп бағалады.

Мьянмадағы Ұлттық демократиялық одағының әскери әкімшілік жариялаған жаңа сайлау заңдарын орындаудан бас тартқаны үшін жабылғаны хабарланды.

2021 жылғы төңкерістен кейін тергеуге алынған және әртүрлі қылмыстары үшін сотталған Мьянманың биліктен кеткен көшбасшысы Аун Сан Су Чжидің партиясы төңкерісшіл күштер тарапынан тағайындалған Ұлттық сайлау комиссиясына алдағы сайлауға тіркелуден бас тартқан еді.

Армия 27 қаңтар күні жарияланған жаңа «Саяси партияларды тіркеу заңымен» сайлауда өзіне балама болатын саяси партияларды нысанаға алды.

Жаңа заңдық реттеумен елдегі партиялар 2 ай ішінде қайта тіркеуден өтуге міндеттелді және партиялардың сайлауға қатысуы үшін қажетті қаражат көлемі 100 есе арттырылып, 100 миллион кят яғни шамамен 45 мың 500 долларға көтерілді.

Сонымен қатар сайлау комиссиясының партияларды тіркеуге қатысты шешіміне шағымдану жолы жабылды.



Ұқсас жаңалықтар