Әуежайда ереуіл болады

Күніне 32 рейс игерілмейтін болды.

1966126
Әуежайда ереуіл болады

Ұлыбританияның алдынғы қатарды авиакомпаниясы «British Airways» қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 31 наурыз бен 9 сәуір аралығында «Heathrow» әуежайында күніне 32 рейсті игермейтін болды.

Ағылшын баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда, «Unite» кәсіподағының мүшелері болып табылатын әуежайда міндет атқаратын 1400 қауіпсіздік қызметкер жалақаны арттырмағандықтан ереуіл жасайды.

Ереуіл 31 наурыз күні басталады. 9 сәуір күні аяқталады.

Осы уақыт аралығында авиакомпания күніне 32 рейсті орындамайды.

Осы арада игерілмеген рейстердің жолаушылары басқа рейстерге беріледі немесе билеттері толығымен қайтарылады.



Ұқсас жаңалықтар