Германияның Украинаға 18 танк жолдағаны пайымдалды

«Леопард» танктері Украинаға қару-жарақ және қосалқы бөлшектердің толық пакетімен жеткізілгені хабарланды.

1965827
Германияның Украинаға 18 танк жолдағаны пайымдалды

Неміс үкіметінің Украинаға 18 дана «Леопард» негізгі жауынгерлік танкін жеткізгені алға тартылды.

"Spiegel" журналы аптаның соңында танктердің Германиядан жолға шығып, Украина шекарасында тапсырып берілгенін жазды.

«Леопард» танктері Украинаға қару-жарақ және қосалқы бөлшектердің толық пакетімен жеткізілгені хабарланды.

Хабарда «Леопард» танктерінен басқа 40 дана "Мардер" типті сауытты соғыс көлігінің де соғыс аймағына жеткені атап өтілді.

Неміс үкіметінің қауіпсіздік мәселесіне байланысты қару-жарақ жолданған жолдың нақты бағытын құпия ұстағаны білдірілген хабарда неміс армиясының соңғы екі айда украин әскерлеріне жылдам  бағдарламамен білім бергені де ескертілді. 



Ұқсас жаңалықтар