Ресей батыс елдеріне наразылық көрсетті

Песков Мәскеудің күн тәртібіне қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

1965771
Ресей батыс елдеріне наразылық көрсетті

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков батыстық елдердің наразылығының Беларусьте тактикалық ядролық қару орналастыру жоспарларын өзгертпейтінін айтты.

Песков Мәскеудің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Баспасөз хатшысы Ресей президенті Владимир Путиннің өткен аптада Беларусьте тактикалық ядролық қару орналастыратынын жариялағанын  еске салды.

Батыс елдерінің бұған керісінше наразылық көрсеткенін мәімдеген Песков «Әрине бұл наразылық Ресейдің жоспарларын өзгерте алмайды» деді.

«Солтүстік ағын 1» және «Солтүстік ағын 2» табиғи газ құбырларында өткен жылы болған жарылыстарға тоқталған Песков «Қолдағы мағлұматтар бұл маңызды инфрақұрылымға бағытталған саботаж мен террорлық шабуылдың артында кейбір мемлекеттер мен құпия барлау ұйымдары бар екенін көрсетеді» деді.

Песков батыстық елдердің бұл мәселені жабуға тырысып жатқанын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар