Германияда ірі ереуіл

Кәсіподақтар өз мүшелерінің қымбатшылықта күн көруі үшін жалақыларының артуын талап етеді.

1965416
Германияда ірі ереуіл

Германияда екі ірі қатынас секторы кәсіподағының ереуілге шығу шешіміне байланысты бүгін қатынас тоқтап қалайын деп тұр.

Германияда бүгін түн ортасынан басталған және 24 сағат болуы жоспарланған ереуіл әуежайлары, порттар, теміржолдар, автобустар мен метроларға әсер етеді.

Кәсіподақтар өз мүшелерінің қымбатшылықта күн көруі үшін жалақыларының артуын талап етеді.

Басқа да мемлекеттік қызмет секторларында көптеген шағын ереуілдер болды. Алайда бүгінгі ереуіл соңғы он жылдардағы ең ірі ереуіл болады.

Ереуілге қатысатын «Verdi» және «EVG» кәсіподақтары Германиядағы ең ірі кәсіподақтар деп есептеледі. «Verdi» кәсіподағының құрамында қоғамдық көлік және әуежайларын да қосқанда шамамен 2,5 миллион қызметкер бар. 

«EVG» кәсіодағының құрамында болса Германияның ұлттық теміржол кәсіпорнында және басқа автобус фирмаларында жұмыс істейтін 230 мың қызметкер орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар