Австралияда қаржы компаниясына кибер шабуыл жасалды

«Latitude Financial» қаржы компаниясы 8 миллионға жуық адамның жеке мәліметінің ұрланғанын жариялады.

1965753
Австралияда қаржы компаниясына кибер шабуыл жасалды

Австралиядағы қаржы компаниясы «Latitude Financial»-дың 8 миллион адамға жуық жеке мәліметтері кибер шабуылмен ұрланды.

«ABC News»-тің хабарлауынша «Latitude Financial» хакерлердің 16 наурыз күнгі кибер шабуылында ұрланған құпия жеке деректер туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Австралия мен Жаңа Зеландиялық тұтынушыларға тиесілі деректер арасында 7,9 миллион жүргізуші куәлігі, 53 мың төлқұжат нөмірі және 100-ге жуық тұтынушының айлық қаржылық ақпараты бар екені айтылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде 2005 жылы тағы 6,1 миллион деректің ұрланғанына назар аударылып жеке куәлік мәліметтерін ауыстырғысы келетіндерге ақшаларының кері қайтарылатыны айтылды.

Жазбаша мәлімдемеде «Latitude Financial» бас директоры Ахмед Фахур жеке деректері ұрланған адамдардан кешірім сұрады.

Фахур «Біз шабуылдан зиян көрген платформаларымызды реттеп жатырмыз және алдағы күндері жұмысты қайта бастаған кезде қолданылатын қосымша қауіпсіздік шаралары іске қосылатын болады» деді.

Кибер қауіпсіздік министрі Клэр О'Нил сонымен қатар «Latitude Financial» компаниясының шабуылдан зардап шеккен тұтынушыларын болашақ қауіптерден сақтандыру үшін үкіметпен бірлесе жұмыс істейтінін айтты.

О'Нил кибер шабуылдарға жылдам қарсылық беру мақсатты жаңа бөлімше құруды жоспарлағандарын да хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдары кибер шабуыл құрбандарының санының бастапқыда айтылғаннан жоғары екеніне назар аударды.

«Latitude Financial» 16 наурыз күні кибер шабуылға ұшырағанын Австралияның құнды қағаздар биржасы (ASX) арқылы хабарлаған болатын.

«Latitude Financial» хакерлердің шамамен 330 мың клиенттің жеке деректерін ұрлағанын білдірді.

Деректер арасында 100 мың жүргізуші куәлігінің де бар екенін жариялаған компания хакерлердің төлем алғысы келетіні туралы мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар