Ауғанстандағы шабуылда 6  адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда ұйымдастырылған жанкешті шабуылда 6  адам қаза тапты.

1965688
Ауғанстандағы шабуылда 6  адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда Сыртқы істер министрлігінің жанында ұйымдастырылған жанкешті шабуылда 6  адам қаза тапты.

Кабул полиция басқармасының  баспасөз хатшысы Халид Зедран баспасөзге берген мәлімдемесінде шабуылшының министрлік орналасқан көшенің кіреберісіндегі бақылау түйініне жақындаған кезде қауіпсіздік күштерінің залалсыздандырылғанын және үстіндегі бомбаның жарылғанын айтты

Шабуылда 6 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдірген Зедран 3-і Талибан мүшесі болған бірнеше адамның жараланғанын білдірді.

Кабулдағы ең үлкен денсаулық орталықтарының бірі Жедел жәрдем ауруханасының әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеде Сыртқы істер министрлігі маңындағы бомбалы шабуылда қаза тапқан 2 адамның мәйіттерінің ауруханаға  жеткізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде шабуылда 12 адамның жараланғаны атап өтілді.

11 қаңтарда Сыртқы істер министрлігінің кіреберісінде болған бомбалы шабуылда 5 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар