Испанияда мұсылмандар саны артты

Испания Ислам комиссиясы хатшысы Мұхаммед Ажана мәлімдеме жасады.

1964732
Испанияда мұсылмандар саны артты

Испанияда өмір сүретін мұсылман халық саны соңғы 30 жылда 10 есе артты.

Испания Ислам комиссиясы хатшысы Мұхаммед Ажана рамазан айына орай Испаниядағы мұсылмандардың тұрмысы мен мәселелері жөнінде Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

«Испанияда соңғы 30 жылда мұсылман халық 10 есе артты.  Ресми деректерге қарағанда 2,5 миллион, бейресми мәліметтерге қарағанда 3 миллион мұсылман тұрады» деген Ажана елдегі мұсылмандардың  миллионына астамының Испания азаматы екенін білдірді. Оның айтуынша олардың кейбірі азаматтық алған босқындар, қалғандары туғаннан Испания азаматтары.

Ислам комиссиясы хатшысы Испанияда Марокко, Пәкістан, Бангладеш, Сенегал және Алжир текті мұсылмандар көпшілік екенін айтты. Олардың көбі Испаниядағы Каталония, Валенсия, Андулусия және Мадрид секілді индустриясы дамыған аймақтарда өмір сүреді.

Ажана әлемдегі барша мұсылмандар үшін болғаны секілді Испаниядағы мұсылмандар үшін да рамазанның ерекше ай екенін білдірді. Ол Испанияда мұсылмандар көп тұратын Сеута мен Мелильяда ораза және Құрбан айттарда мұсылмандарға бір күндік ресми демалыстың Испаниядағы басқа аймақтардағы мұсылмандарға да берілуін сұрайтындарын тілге тиек етті.

Ажана елде 1992 жылы қол қойылған ынтымақтастық келісімі арқылы мұсылмандардың әлеуметтік және құқықтық хақтары кепілге алынғанын білдірді.  Ол сонда да шешім күткен мәселенің көп екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар