Байден мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады

АҚШ президенті Джо Байден Рамазан айына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

1963953
Байден мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады.

Джо Байден Рамазан айына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

АҚШ-тағы және дүние жүзіндегі мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтаған Байден «Америка Құрама Штаттары ретінде қиыншылық шеккен мұсылман қауымдарына қолдауымызды жалғастырамыз. Таяуда жойқын жер сілкіністерінде көптеген туыс-туғандарынан айрылған Түркия мен Сирия халқының қасында боламыз. Пәкістанда су тасқыны болды. Пәкістанның қайтадан қалпына келуіне қол ұшын береміз» деген сөздер қолданды.

Байден діни сенім бостандығына тоқталып «АҚШ серіктестерімен бірге Қытай Халық Республикасындағы ұйғырлар, Бирмадағы (Мьянма) рохиньялықтар және дүние жүзінде қудалауға ұшыраған басқа да мұсылмандардың қасында боламыз. Олармен бірге ынтымақтасудамыз» деді.

Байден мұсылман американдықтардың ғылым,  технология,  өнер, заң, медицина, сауда, саясат сынды көптеген салада қосқан үлесіне тоқталды.

Байден Америка Құрама Штаттарындағы және әлемдегі барша мұсылмандарға үн қатып, Рамазанның берекелі және тыныш өтуін тіледі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өз мәлімдемесінде мұсылман әлеміндегі әріптестеріне деген шексіз құрметін білдіріп, «Ел ішінде де, шетелде де барлық адамдар үшін дін бостандығын ілгерілетуді жалғастырамыз. 1,8 миллиард мұсылманға Рамазанның берекелі болуын тілейміз» деп көрсетті.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс та Рамазанның қасиетті ай екенін білдіріп, Нью-Йорк қаласындаңғы мұсылмандарды  Рамазан айымен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар