Перудегі сел апатынан 65 адам ажал құшты

Перуде тропикалық «Яку» дауылы салдарынан сел жүрді.

1962703
Перудегі сел апатынан 65 адам ажал құшты

Перуде тропикалық «Яку» дауылы салдарынан сел жүрді. Сел апатынан 65 адам қаза тауып, 5 адам жоғалып кетті.

Елдің көптеген қаласында, әсіресе ел астанасы Лимада ықпалды болған «Яку» дауылы су тасқыны мен жүздеген қирауға себеп болды.

Осы уақытқа дейін қатты дауыл мен су тасқынынан 65 адам қаза тауып, 5 адам із-түзсіз жоғалған.

Табиғат апатынан 66 мың 853 адам зардап шексе, 9 мың 677 үй зақымдалып, 1541 үй жарамсыз болып қалды.

Сондай-ақ, 56 мектеп, 116 денсаулық сақтау орталығы, 239 көпір зақымданса, 640 шақырым жол бұзылды. .

Ауылшаруашылық алқаптары да қатты зақымдалған дауылда 11 мың гектар егістік алқап жойылып, 30 мың 192 ірі қара қырылды.

Үкімет табиғи апаттан ең көп зардап шеккен 8 аймақтың 154 ауданында 6 айға төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

 


Этикеттер: #апат , #дауыл , #сел , #Перу

Ұқсас жаңалықтар