Ресей мен Қытай қауіптерге қарсы иықтасып күреседі

Путин Қытай газетіне мақала жазды.

1962141
Ресей мен Қытай қауіптерге қарсы иықтасып күреседі

Ресей президенті Владимир Путин билік құруға талпынған және әлемнің тәртібін бұзатын кейбір елдерге керісінше Ресей мен Қытайдың осы қауіптерге қарсы иықтасып күресетінін айтты.

Путин Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің Мәскеуге сапары қарсаңында Қытайдың беделді газеттерінің бірі «Халық күнделігі» газетіне мақала жазды.

Путин өзара саудада ұлттық ақша бірлігін қолдануды арттыру және қатынастардың одан гөрі егемен болуының маңызды екенін білдірді. Орыс басшы билік құруға тырысқан және әлемдік тәртіпті бұзған кейбір елдерге керісінше Ресей мен Қытайдың шын мағынада көпір құрғанын, ортақ қауіптермен күрес жүргізгенін айтты. Путин Ресей мен Қытайдың халықаралық құқыққа сүйенетін әділ, көп полярлы әлем тәртібінің қалыптасуын әрдайым қолдап келгенін тілге тиек етті.

«Америка Құрама Штаттарының Ресей және Қытаймен бірге Америка билігіне бас имеген баршаны қоршауға алу саясаты өткір бола бастады.  Халықаралық қауіпсіздік және ынтымақтастық құрылымы бөлшектеніп барады. Ресей «тікелей жау», ал Қытай «стратегиялық бәсекелес» деп жарияланды» деді ол.

Украина мәселесінда Қытайдың теңгерімді ұстанымына риза екендерін білдірген Путин Украинамен бейбітшілік процесінің болашағының геосаяси шындықтар назарға алынатын бір келіссөзге дайын болып болмауға байланысты екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар