Колумбияда әскери тікұшақ құлады

Апат салдарынан 4 сарбаздың қаза тапқаны білдірілді.

1962345
Колумбияда әскери тікұшақ құлады

Колумбияда әскери тікұшақтың Choco әкімшілік аймағындағы орман алқабына құлауы салдарынан 4 әскер қаза тапты.

Армия жасаған мәлімдемеде «EJC 4227» нөмірлі әскери тікұшақтың Кибдо қаласының Ла-Плайта төңірегіндегі орман алқабына құлағаны хабарланды.

Апат салдарынан 4 сарбаздың қаза тапқаны білдірілді.

Колумбия президенті Густаво Петро апатта қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, «Өкінішке орай апаттан ешкім құтылмады. Лауазымдыларға дереу аймаққа бару үшін тапсырма бердім» деді.

Колумбия баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда, операциядан қайтып келе жатқан әскери тікұшақтың механикалық ақау салдарынан апатқа ұшырағаны болжалды.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір суреттерде тікұшақтың құлау сәтінің көріністері де орын алды.



Ұқсас жаңалықтар