Сирия тақырыпты жиналыс Мәскеуде өтеді

Сирия мәселесіне арналған жиналыс 15-16 наурыз күндері аралығында Ресейдің астанасы Мәскеуде өтеді.

1958818
Сирия тақырыпты жиналыс Мәскеуде өтеді

Түркия, Ресей, Асад режимі және Иран Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Сирия мәселесіне арналған жиналыс 15-16 наурыз күндері аралығында Ресейдің астанасы Мәскеуде өтеді.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Бурак Акчапар Түркия делегациясына төарағылық жасайды.

Кездесуге Ресей атынан президент Владимир Путиннің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі Михаил Богданов, Иран атынан Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Асгар Хаджи және Асад режимі атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Эймен Сусан қатысады.



Ұқсас жаңалықтар