Бангладеш лагеріндегі өрттің саботаж екені анықталды

Абу Суфиан БАҚ-қа «Өрт жоспарланған бір саботаж» деді.

1958641
Бангладеш лагеріндегі өрттің саботаж екені анықталды

Бангладештің Кокс-Базар қаласындағы Рохинджа (Аракан) мұсылмандары тұрған лагерьде 5 наурызда  өрттің «жоспарланған бір саботаж әрекет» екені жарияланды.

Бангладеште 2017 жылы Мьянмадағы әскери операциялардан қашып кеткен 1 миллионнан астам Рохинджа мұсылмандары тұратын Кокс-Базар қаласындағы 11 нөмірлі лагерінде (Балухали лагері) 5 наурызда шыққан өрт «жоспарланған саботаж әрекет» деп жарияланды.

Жеті мүшеден тұратын тергеу комитетінің төрағасы, аймақтық үкіметтің жоғары лауазымды қызметкері Абу Суфиан БАҚ-қа «Өрт жоспарланған бір саботаж» деді.

Хабарламаның 150 куәгердің куәлігіне негізделгенін айтқан Суфиан өрттің топтардың лагерьлерде үстемдік орнату үшін жасалған қасақана әрекеті екенін айтты.

5 наурызда Балухали лагерінде болған өртте 2800-ге жуық үй мен 90-нан астам нысан, соның ішінде ауруханалар мен оқу орталықтары қирап, 12 мыңнан астам адам баспанасыз қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар