Үндістандағы әскери апатта 3 адам қаза тапты

Үндістанда әскери оқу-жаттығу барысында атылған миномет оғы тұрғын үйге құлады.

1956792
Үндістандағы әскери апатта 3 адам қаза тапты

Үндістанда әскери оқу-жаттығу барысында атылған миномет нысанасынан қалып, ауылдық жердегі бір үйге құлап, оқиғада 3 адам қаза тапты.

Оқиға Бихар штатының Гая ауданындағы Гулваред ауылында болды.

Жақын маңдағы әскери полигоннан атылған миномет нысанасынан ауытқып, ауылдықтардың тұрғын үйіне құлады.

Оқиғада индустардың «Холи» мерекесін тойлау үшін ата-аналарына барған ерлі-зайыпты мен көршілері қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Армия бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасамады. Әскери аймақта алдында да  ұқсас апаттар тіркелгені бідірілді.

Өткен жылы полигон маңында бір бейбіт тұрғын зеңбірек оғының құлауы салдарынан қаза тапқан болатын.

Желтоқсан айында болған тағы бір оқиғада полигон маңында қысқы жағатын отын жинап жүрген 10 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар