Ресей мен Украина арасында тұтқын алмасуы

Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасуы процессі жалғасуда.

1956410
Ресей мен Украина арасында тұтқын алмасуы

Соңғы алмасуда барлығы 220 адам босатылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі келіссөздер нәтижесінде өміріне қауіп төнген 90 тұтқын орыс әскерінің Киев әкімшілігінің бақылауында аймақтан оралғаны білдірді.

Мәлімдемеде босатылған сарбаздар емдеу және оңалту үшін Ресей Әскери-әуе күштерінің ұшағымен бас қала Мәскеуге жеткізілгені және сарбаздарға қажетті психологиялық және медициналық көмектің көрсетілгені жеткізілді.

Украина Президенттік аппараттың басшысы Андрий Ермак болса Телеграмма аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Тағы бір тұтқын алмасу кезеңі болды.  4-і әйел, барлығы 130 сарбазымызды елге қайтардық» деді.

Олардың 87-сінің Мариупольде тұтқынға алынған сарбаздар екенін айтқан Ермак Бахмут және Соледар аймақтарынан 35 сарбазды елге әкелгендерін түсіндіріп, «Бүгін әкелген адамдардың көпшілігі ауыр жараланғандар. Президент Владимир Зеленский айтқандай мемлекет олардың әрқайсысына қамқорлық жасауы керек. Әр батырымыз мемлекетінің қамқорлығын сезінуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар