Министр Чавушоғлу әріптесі Әл-Саниді жаңа қызметімен құттықтады.
Катар Сыртқы істер министрі Абдуррахман Әл-Сани елінің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу елінің жаңа премьер-министрі болып тағайындалған Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед ибн Абдуррахман Әл-Саниге телефон соғып, құттықтады.
Чавушоғлу әріптесі Мұхаммед ибн Абдуррахман Әл-Санимен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында министр Чавушоғлу Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед ибн Абдуррахман Әл-Саниді премьер-министр болып тағайындалуымен құттықтады.
Әл-Сани сыртқы істер министрі және премьер-министрлік міндеттерін бірге жалғастырады.
Катардың жаңа премьер-министрі Мұхаммед ибн Абдуррахман Әл-Сани 2016 жылғы 27 қаңтар күні Сыртқы істер министрлігі, 2017 жылғы 15 қараша күні қосымша премьер-министрдің орынбасары міндеттеріне тағайындалған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Перудағы жол апатында 11 адам қаза тапты
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша жолаушы автобусы жүк көлігімен соқтығысты.
Тағы 8 палестиналық қаза тапты
Израиль армиясы Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасады.