Ауғанстан ЕО елдерінен Ауғанстан елшіліктерін қайта ашуды сұрады

Талибан уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі өкілі Әмірхан Муттаки ЕО елдерінен Ауғанстандағы елшіліктерін қайта ашуды сұрады.

1954349
Ауғанстан ЕО елдерінен Ауғанстан елшіліктерін қайта ашуды сұрады

Талибан уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі өкілі Әмірхан Муттаки Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінен Ауғанстандағы елшіліктерін қайта ашуды сұрады.

Муттаки Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар уәлаятында  Еуропа Одағының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томаш Никлассон және оның делегациясымен кездесті.

Талибан уақытша үкіметі Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Хафез Зия Ахмед өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында кездесудің мазмұны туралы мәлімдеме жасады.

Ахмед Муттакидің Ауғанстан мен Еуроодақ елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды жақсарту үшін қажетті қадамдар басу керектігін және Еуроодақ елдерінің Кабулдегі елшіліктерін қайта ашуға ынталандыру керектігін айтқанын айтты.

Ахмед Муттакидің Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ЕО-ға алғыс айтқанын да атап өтті.

Талибан ресми өкілі берген ақпаратқа сәйкес, Еуроодақтың арнайы өкілі Никлассон Талибанның билікке келуімен Ауғанстанда қауіпсіздік қамтамасыз етілгенін және сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды қадамдар басылғанын мәлімдеді.

Никласссон Ауғанстанға гуманитарлық көмекті жалғастыратындарын да мәлімдеді.

ЕО елдері 2021 жылы 15 тамызда Ауғанстан әкімшілігіне Талибан келген кезде елшіліктерін жапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар