"Иранның ядролық қаруға ие болуына ешқашан рұқсат етпейміз"

Нед Прайс мәлімдеме жасады.

1953669
"Иранның ядролық қаруға ие болуына ешқашан рұқсат етпейміз"

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс елінің Иранның ядролық қаруға ие болуына ешқашан рұқсат етпейтінін айтты.

Нед Прайс күнделікті баспасөз брифингінде Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Иранның «Фордо» ядролық базасында 83,7 пайыз байытылған уран бөлшектерін табуына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Прайс «Президент Байденнің Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмауына байланысты уәдесі бар.  Ешқашан рұқсат етпейміз» деді.

Ол Иранның ядролық бағдарламасы проблемасының түбегейлі шешу жолының дипломатия екенін қайталап «Иранның ядролық бағдарламасы тудырған проблемаға түбегейлі шешім тапқымыз келеді. Бұның жолы – дипломатия.  Біз осыған сенеміз.  Алайда Иранның ядролық қаруға ие болмауын қамдау үшін барлық нәрсені қолданамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар