Марбург вирусы жан алуда
Вирустан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті.
14 ақпанда Экваторлық Гвинеяда алғаш рет тіркелген Марбург вирусынан тағы 2 адамның қайтыс болуымен вирустан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрі Митоха Ондо Айекаба мәлімдеме жасап, Марбург вирусы ауруынан 2 жаңа өлімнің тіркелгенін хабарлады.
Қайтыс болғандармен байланыста болған 48 адамды анықтағандарын айтқан Айекаба байланыста болған 7 адамның бақылауда екенін білдірді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 14 ақпанда елдің батысындағы Ки-Нтем штатында кем дегенде 9 адам қайтыс болғаннан кейін вирустық геморрагиялық қызба ауруына байланысты анализдің оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.