Ирандағы елшілік Талибанға берілді

Елдеріндегі елшіліктерді Талибанға тапсырған елдерді де қосқанда ешбір ел Талибан әкімшілігін ресми түрде мойындамады.

1951821
Ирандағы елшілік Талибанға берілді

Ауғанстанның Ирандағы елшілігі Талибан әкімшілігіне берілді.

Талибан уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Каххар Белхи тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

Белхи Ауғанстанның Ирандағы елшілігіне жаңа дипломаттар тағайындалғанын айтып,  елшілік қызметінің жалғасатынын білдірді.

Ауғанстанның Ирандағы елшілігіндегі дипломаттар болса елшіліктен кетті.

Түрікменстан, Пәкістан, Ресей және Қытайдағы Ауғанстан елшіліктері былтыр Талибанға тапсырылған болатын.

Әлем елдерінің басқа елдерінде Ауғанстан елшіліктерінде болса алдынғы Ауғанстан үкіметі тарапынан тағайындалған дипломаттар бар. Елдеріндегі елшіліктерді Талибанға тапсырған елдерді де қосқанда ешбір ел Талибан әкімшілігін ресми түрде мойындамады.

Талибан 2021 жылдың 15 тамыз күні Ауғанстанда билікке келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар