Бразилиядағы су тасқынынан 65 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатында су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті.

1951778
Бразилиядағы су тасқынынан 65 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатында нөсерлі жауын салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті.

Сан-Паулу штат билігі жасаған мәлімдемеде 18 ақпаннан бері су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар санының 65-ке жеткені хабарланды.

Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған штатта залалды анықтау жұмыстары басталатыны атап өтілді.

Ұлттық метеорология институтынан 21 ақпанда жасалған мәлімдемеде штатта ақпан айында болған жауын-шашынның шығынның үлкен екені айтылды.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва 21 ақпанда апат аймағына барып, тікұшақпен әуеден шолу жасады.

Су тасқыны мен көшкін салдарынан 2 мыңнан астам адамның баспанасыз қалғаны, апат аймағынан 3 мыңнан астам адамның эвакуацияланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар