Сан-Паулу штатында су тасқынынан 48 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатында су тасқыны мен лай көшкіннен қаза тапқандар саны 48-ге жетті.

1950393
Сан-Паулу штатында су тасқынынан 48 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатында нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкіннен қаза тапқандар саны 48-ге жетті.

Сан-Паулу штатының шенеуніктері 18 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан су тасқынынан қаза тапқандар саны артқанын хабарлады.

Апатта осы уақытқа дейін 48 адамның қаза тапқаны, 36 адамның іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Штаттьың Азаматтық қорғаныс координаторы Хенгеэль Рикардо Перейра апат аймағынан шамамен 3 мың адамның эвакуацияланғанын, толассыз жауған жаңбыр салдарынан жұмыстың қиындағанын атап өтті.

Өңірге гуманитарлық көмек әскери тікұшақпен жеткізіліп жатқаны білдірілді.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва 21 ақпанда апат аймағына барып, тікұшақпен әуеден шолу жасады.



Ұқсас жаңалықтар